Accessibility links

АҚШ адмиралы Пәкістанда келіссөздер өткізуде


Бүгін АҚШ-тың әскери өкілі Ауғанстан бойынша жаңа стратегия бойынша келіссөздер өткізу үшін Пәкістанға барды.

Адмирал Майк Мюллен Пәкістанның армия басшысы Ашфақ Каянимен келіссөздер өткізуде. Мюллен Пәкістанға сейсенбі күні кешкісін Ауғанстаннан кейін барды.

Ол президент Барак Обаманың Ауғанстанға 30 мың жасақ жіберу шешімінен кейін Пәкістанға барған бірінші АҚШ ресмиі болып отыр.

Пәкістан ауғанмен шекаралас елдің солтүстік-шығысындағы исламшыл жауынгерлерге қарсы соққысын бастаған. Енді АҚШ-тың жаңа стратегиясынан кейін бүлікшілер Ауғанстаннан көбірек Пәкістан аймағына өте ме деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG