Accessibility links

Республика алаңында ұлт патриоттары жиын өткізді


Бүгін Алматыда 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алған бірқатар саяси партиялар мен қозғалыс өкілдері Республика алаңына жиналып, салтанатты жағдайда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл шараға 1,5 мыңдай адам қатысты. Олардың қатарында осыған дейін билікке талап қойып, аштық жариялаймыз деген “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалысының жетекшісі Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялылары, Серікболсын Әбділдин бастаған коммунистер және үлескерлер мен борышкерлер сияқты басқа да әлеуметтік топ өкілдері болды. Олардың жиыны бір сағатқа ұласты.

Және қандайда бір заңсыз митинг өткізуге жол бермеу үшін ондаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері де алаңда жүрді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG