Accessibility links

АҚШ Ауғанстанға жүк жеткізуге Орталық Азияны пайдалануда


Құрама Штаттар Орта Азияның аймағы арқылы Ауғанстандағы күштеріне әскери емес жүк жеткізуді ұлғайтып отыр.

Қорғаныс хатшысының орынбасары Дэвид Седнейдің айтуынша, өткен 11 айдың ішінде Орталық Азия елдері арқылы Ауғанстандағы әскеріне 5 мың контейнер апарған.

Құрама Штаттар жүк тасуға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан аймағын пайдаланып келеді.

Седнейдің сөзіне қарағанда, АҚШ алдағы жылы Ауғанстанға 30 мың жасақ жіберілгенде ол жүктің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG