Accessibility links

НАТО бас хатшысы Мәскеуде келіссөздер өткізуде


Бүгін Ресейде жүрген НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің үшкүндік сапары аяқталады.

Бейсенбі күні ол Мәскеуде Мемлекеттік Дума төрағасы Борис Грызловпен, Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Николай Патрушевпен келіссөздер өткізіп, сондай-ақ Мәскеудегі университет студенттерімен кездеседі.

Сәрсенбі күні Расмуссен Ресей президенті Дмитрий Медведевпен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

НАТО бас хатшысымен кездесуден кейін президент Медведев өткен жылы Оңтүстік Осетия төңірегіндегі қақтығыстарға байланысты ушығып кеткен Ресей мен НАТО арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG