Accessibility links

Расмуссен Ауғанстанға Ресейдің көмегін алғысы келеді


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ресей жетекшілерімен келіссөздері оң бағытта өткенін айта келе, бірақ Ауғанстандағы альянс күштеріне Ресейдің көмегін алу мәселесінде әзірге нақты уәделер болмағанына тоқталды.

Ол бұл туралы Мәскеуге үшкүндік сапарын қортындылаған баспасөз мәслихатында айтты. Сәрсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуінде Расмуссен Ауғанстандағы НАТО күштеріне көбірек үлес қосу Ресейдің мүддесіндегі мәселе, өйткені террорлық қауіп бүкіл аймаққа төніп тұр деген.

НАТО басшысы Ресей ауған полициясын жаттықтырудан өткізу мен тікұшақтар беру арқылы альянсқа өз көмегін тигізе алады деп айтты.
Расмуссен бейсенбі күні кешкісін Мәскеудің мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар институтында сөз сөйлейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG