Accessibility links

Пәкістан президенті сот шешімінен кейін қысымға тап болды


Пәкістан соты сыбайлас жемқорлық айыптарына байланысты президент Асиф Али Зардари мен оның үкіметтегі одақтастарынан рахымшылық қорғауды алып тастаған соң, ел оппозициясы президентті қызметінен кетуге шақырды.

Сәрсенбі күні Жоғарғы сот 2007 жылғы рахымшылық қаулысы конституцияға қайшы деп, оны алып тастады. Ол қаулы Зардаридің әйелі, бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттомен билікті бөлісу келісімі ретінде бұрынғы президент Первез Мушарраф кезінде шыққан.

Зардари президент болып отырғанда, тергеле алмайды. Бірақ оның президент ретіндегі құқы енді шектелуі мүмкін.

Пәкістанның оппозициялық мұсылман лигасы партиясының өкілі Сиддықул Фаруқ президент Зардари моралдық тұрғыдан қызметінен кетуі керек деді.

Президент Зардари болса өзіне тағылған жемқорлық айыптарының саяси астары бар дейді.
XS
SM
MD
LG