Accessibility links

Браун ғаламдық жылыну келіссөздерін тұйықтан шығаруға шақырды


Британия премьер-министрі Гордон Браун Копенгаген саммитіне қатысып жатқан әлем жетекшілерін газ эмиссиясын азайту жөнінде келісім жасап, ғаламдық жылыну келіссөздерін тығырықтан шығаруға шақырды.

Браунның бұл мәлімдемесі Дания астанасына ондаған мемлекет басшысы жиналып, ауа-райының өзгеруіне байланысты халықаралық конференцияның аяқталуына екі күн қалған тұста айтылды.

Браун ғаламдық жылынудың алдын алу үшін бөлінген айтарлықтай қаржы планетаны сақтап қалуға көмектесуі мүмкін деді.

12 күнге созылған Копенгаген саммитінде кедей елдер мен дәулетте елдер екіге бөлініп, бір мәмілеге келе алмай жатқанда, қоғамда жаппай наразылықтар орын алды.

АҚШ президенті Барак Обама бұл жиынға қатысу үшін Копенгагенге жұма күні барады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG