Accessibility links

Ирандық журналист “Еркіндіктің алтын қаламы”сыйлығын алды


Иранда сыни мақалалары үшін түрмеде бірнеше рет отырған белгілі журналист Газеттер мен жаңалықтар шығарушы дүниежүзілік қауымдастығының 2010 жылғы “Еркіндіктің алтын қаламы”сыйлығын иеленді.

Қауымдастықтың таратқан хабарламасында, қауіп-қатерге қарамаған ирандық журналист Ахмад Зейд-Абади Иранның рухани жетекшісі Аятолла Али Хаменеи мен президент Махмуд Ахмадинежадтың өктемшіл билігі тарапынан бірнеше мәрте проблемаларға тап болды делінген.

Маусым айындағы даулы сайлауда президент Ахмадинежадтың қайта сайлануына қарсы наразылық шерулерінен кейін Зейд-Абади 6 жылға түрмеге жабылды. Және өмір бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды.

Ол 200 жылы түрмеде жатып, сот жүйесіне наразылық танытып ашық хат жазғаннан бері танымал бола бастаған. Ол хат биліктің тыйымына қарамастан, көптеген басылымда жарияланды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG