Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі Қазақстан төрағалығы Грузияға көмектеседі деп үміттенеді


ЕҚЫҰ-ның ресми өкілі 2010 жылы ұйымға төрағалықты Қазақстан алғанда Грузия мен оның жікшіл аймақтары арасындағы жағдайды реттеуде маңызды рөл атқарады деген үмітін жеткізді. Бұл туралы Азаттықтың Кавказ эхосы радиосы хабарлады.

ЕҚЫҰ-ның шешілмеген қақтығыстар бойынша арнайы өкілі Хараламбос Христопулостың айтуынша, Қазақстан бұрынғы совет елі болғандықтан, Тбилиси мен оның жікшіл аймақтары Абхазия және Оңтүстік Осетия арасындағы дағдарысты шешуге көп септігін тигізе алуы мүмкін.

Сәрсенбі күні Оңтүстік Осетия астанасы Цхинвалиге барған Христопулос Қазақстан ресмилері бұл аймақты жақсы біледі және Совет одағында бірге болған Ресей мен Грузия елдерімен өзара байланысы бар деді.

Және ол қазақстандық саясаткерлер жергілікті ұстанымды жақсы білгендіктен, бұл мәселенің оң шешілуіне үлес қосады деп сенеді.

Қазақстан 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ЕҚЫҰ-на төрағалықты Грекиядан алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG