Accessibility links

АҚШ пен Ресей ядролық қару келісімі бойынша мәмілеге келді


Ресейдің Интерфакс ақпарат агентігі хабарлағандай, Құрама Штаттар мен Ресейдің мәмілегерлері жаңа ядролық қару келісімінің нұсқасымен келіседі.

Ақпарат агенттігіне атын атамаған дипломат мәлімдегендей, Стратегиялық ядролық қаруды азайту келісімінің орнын басатын жаңа келісім жағдайы бойынша тараптар бір мәмілеге келді, енді ресми хабарлама таяу уақытта болады деген.

Екі елдің ядролық арсеналын азайтуға әкелетін 1991 жылғы Стратегиялық ядролық қаруды азайту келісімінің мерзімі 5-ші желтоқсанда аяқталып қойған.

Осыған дейін ресмилер жаңа келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Копенгагендегі кездесуінде қол қойыла қоймайды, өйткені келісімнің техникалық тұстары дайын емес деген.
XS
SM
MD
LG