Accessibility links

Алматыда қырғызстандық журналист 6-шы қабаттан құлаған


Қырғызстанның белгілі журналисі Геннадий Павлюк Алматы қаласында 6-шы қабаттан құлап, ауыр жарақатпен ес-түсін жоғалтып ауруханаға түсті.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда, ол тұрғын үйдің 6-шы қабатынан құлаған. Қазір Алматының қалалық ауруханасында жатқан журналистің қалай құлағаны белгісіз. Қырғызстанның бас консулдығы хабарлағандай, қазақстандық құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша іс қозғаған.

Геннадий Павлюк саясаткер Өмірбек Текебаев жетекшілік ететін Қырғызстанның оппозициялық партиясының атымен “Ата-мекен” газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Текебаев Ферғана.ру интернет басылымына айтқанында, өздерінің болған жағдайға қатты алаңдап қалғанын білдіріп, Павлюкпен өткен аптада ғана сөйлесіп, “Ата-мекен” медиа жобасы күшінде болған еді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG