Accessibility links

Премьер-министр Мәсімов Қарашығанақ-Орал газ құбырын ашты


Бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ-Орал газ құбырының ашылу салтанатына қатысты.


Федоровка ауылындағы бұл шарада премьер-министр «жақын арада көгілдір отын тағы 100 мың тұрғынның тұрмысын жақсарта түседі» деп атап көрсетті.


Қарашығанақ – Орал газ құбыры жобасы Қарашығанақ кен орнында табиғи газды өңдеу қондырғысын кеңейткеннен кейін, облыс тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуді 150 миллион текше метрден 500 миллион текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Газ құбырының жалпы ұзындығы 147 шақырым, ал өзіндік құны 261 миллион доллар болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG