Accessibility links

БҰҰ-на мүше елдер Копенгаген келісімін мақұлдады


Дания астанасындағы ғаламдық жылынуға қарсы күрес конференциясында АҚШ және басқа да жетекші елдер президенттерінің арағайындығымен жасалған келісімнен дамушы елдер бас тартқан бірнеше сағаттан кейін, БҰҰ-на мүше елдер ресми түрде ол келісімді мақұлдады.

193 елдің жетекшісі қатысқан келіссөздердің ақырғы шешімі бойынша, келісімге қолдау білдірілді. Шешім келісімді қолдайтындар мен қарсылардың тізімін салыстыру арқылы жасалады.

Боливия, Венесуэла, Судан сияқты бірнеше ел ауа-райының өзгеруіне әкелген ғаламдық жылынуға қатысты келісімді сынап, оны "алып елдер арасында әділетсіз жасалған әлсіз келісім" деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG