Accessibility links

Балқанның үш елі Еуропа Одағына виза режимі алынғанын тойлауда


Сербия, Черногория және Македония Еуропа одағы елдеріне бару үшін виза режимінің алынғана қуанып жатыр. Жұманың түн ортасынан бастап, Балқан елдерінің батысындағы 10 млн тұрғыны Еуро Одақтың көп елдеріне визасыз бара алатын болды.

Бұл елдердің ішкі істер министрлері бірлесіп таратқан мәлімдемесінде, виза талаптарының алынуы бұл үш елдің еуропалық текке жататын сезімін қайта қалпына келтірді деген.

Бұрынғы Югославия құрамында болған үш ел Еуропа одағына қосылуды көздеп келеді.

Шенген зонасы аймағына кіретін 25 ел мен еуропалық одақтың Исландия, Норвегия және Швейцария елдеріне қатысты жасалған визасыз саясат Балқан азаматтарының аймаққа шектеусіз баруына жол ашады.

Бұл жол жүру шектеулері 1991 жылы бұрынғы Югославияның бірқатар қарулы қақтығыстарынан кейін енгізілген.
XS
SM
MD
LG