Accessibility links

Қырғызстанның білім министрі 14 университет жабылатынын айтты


Қырғызстанның білім министрі жұма күні елдегі 14 университеттің лицензиясы қайтып алынып, олардың жұмысы тоқтатылады деп мәлімдеді.

Жабылады деген оқу орындарының қатарында, ЕҚЫҰ-ның Академиясы, Мемлекеттік қызмет пен заң жөніндегі Қырғыз-Қазақ Академиясы, Бішкектегі Экономикалық статистикалар жөніндегі Мәскеу университеті және Қырғызстанның халықаралық университеті бар.

Білім министрлігі осы оқу оырндарындағы студенттері сәуір айына дейін басқа институттарға ауысуы керек деді.

ЕҚЫҰ орталығы мен Бішкектегі Академиясы министрдің шешіміне алаңдаушылық танытып отыр. Олар өздеріне Білім министрлігінен рұхсат қағазы тартып алынатыны туралы ешқандай ескерту келмегенін айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG