Accessibility links

Медведев: Бейресми кездесуде ресми құжатқа қол қойылды


Алматының іргесіндегі Ақбұлақ курортты аймағында жартылай жабық есік жағдайында өтіп жатқан бейресми кездесуге ТМД елдерінің бірқатар жетекшілері қатысып жатыр.

Сенбі күні Алматыда ТМД елдері жетекшілерінің кездесуінде Ресей Президенті Дмитрий Медведев өздерінің бейресми кездесуде бірінші рет ресми құжатқа қол қойғандарын айтты.

Осыған дейін айтылғандай, бейресми саммит аясында Қазақстан, Беларус және Ресей елдерінің президенттері Кедендік одақ құру және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары туралы бірлескен құжатқа қол қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG