Accessibility links

Камбоджа 20 ұйғырды Қытайға депортациялады


Камбоджа шілде айында Қытайдағы ұлтаралық қақтығыстан қашып келген 20 шақты ұйғырды еліне қайтарды.

Хабарларға қарағанда, Камбоджа билігі өз аймағына заңсыз өтіп, саяси баспана сұраған ұйғырларды Қытайға депортациялады.

Құрама Штаттар мен БҰҰ Қытайда ол ұйғырлардың өміріне қауіп төніп тұр деген алаңдаушылықпен, Камбоджа билігін оларды депортацияламауға шақырған еді.

Комбоджаның бұл шешімі алдағы күндері бұл елге жоспарланған Қытайдың вице-президентінің сапары қарсаңында болып отыр.

БҰҰ-ның Босқындар мәселесімен айналысатын жоғары комиссары ұйғырлардың депортациялануы Комбожданың босқындар ісіне қатысты халықаралық міндеттемені орындамай отырғанын көрсетеді деді.
XS
SM
MD
LG