Accessibility links

НАТО бас хатшысы Ауғанстан үкіметіндегі өзгерістерді қоштады


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың парламенттің мақұлдауына ұсынған жаңа үкімет құрамын оң қабылдайтынын мәлімдеді.

Карзай ұсынған үміткерлердің қатарына Батыстың Ауғанстандағы жемқорлықпен күресті күшейту талабымен бірқатар технократтар енген.

Десе де өз саласында атқарған шаралары бойынша халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасын алған үкіметтің кейбір бұрынғы мүшелері, елдің қорғаныс министрі мен ішкі істер министрі бұрынғы орнында қалған.

Ал жақында ғана жемқорлық айыптары тағылған екі министр жаңа үкіметтің құрамына енген жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG