Accessibility links

Мәсімов: Қазақстан Тайландтағы ұшқыштарын босатуға күш салуда


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық ұшқыштарды босату жөнінде Тайланд билігімен келіссөздер өткізіп жатыр.

Бұл туралы Ақтөбеде жұмыс сапарымен болған үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты деп ҚазТАГ агентігі хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, Тайландта заңсыз қару-жарақ тасып бара жатқан ИЛ-76 ұшағының экипажында болған Қазақстанның 4 азаматы тұтқынға алынған.

Олар Александр Зрыбнев, Виктор Абдуллаев, Виталий Шумков және Ильяс Исаковтар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG