Accessibility links

Грузия оппозициясы Кутаисидегі адам өліміне наразылық танытпақшы


Дүйсенбі күні Кутаисиде жаппай наразылық шаралары өткізіледі деп бүгін Грузия оппозициясы хабарлап отыр.

Олар сенбі күні екі адамның өліміне әкелген Кутаиси қаласындағы Совет соғысына арналған алып ескерткішті бұзу кезінде орын алған оқиғаға наразылықтарын білдірмекші.

Ол биіктігі бірнеше метр ескерткішті бұзу үшін, жарылыс жасағанда, бір әйел мен оның сегіз жасар қызы қаза тапты.

Жергілікті билік жаңа парламент ғимаратына жол ашу үшін Совет одағы кезінде қойылған ескерткішті бұзып жатқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG