Accessibility links

Саакашвили адам өліміне қатысты аймақтық басшыны орнынан алды


Грузия президенті Михаил Саакшвили Кутаисидегі Совет одағының Екінші Дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткішін бұзу үшін жарылыс қойылған кезде бір әйелдің кішкентай қызымен қаза тапқан оқиғасынан кейін аймақтық басшыны қызметінен алды.

Президент өкілінің айтуынша, Саакашвили Копенгагендегі ғаламдық конференциядан шұғыл Грузияға оралып, сенбі күнгі қанды жарылысқа байланысты үкімет отырысын өткізген.

Грузия президенті бұл оқиғаға байланысты Имерети аймағының басшысы Михаил Хоговадзені жұмыстан кетірді.

Биіктігі бірнеше метр ескерткішті бұзу үшін, жарылыс жасалғанда, оның жарқыншақтары алысқа дейін жетіп, бір әйел мен оның сегіз жасар қызына түскен.

Жергілікті билік жаңа парламент ғимаратына жол ашу үшін Совет одағы кезінде қойылған ескерткішті бұзып жатқан. Грузия оппозициясы дүйсенбі күні Кутаисиде жаппай наразылық шаралары өткізіледі деп хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG