Accessibility links

Сербияның ЕуроОдаққа мүшелікке өту өтініші сейсенбіде қаралады


Еуропа Одағының қазіргі төрағалығындағы Швеция Сербия президенті Борис Тадичтің одаққа мүше болуға берген ресми өтініші сейсенбі күнгі Стокгольмде оң қабылданады деді.

Бұл хабарлама Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдттың вебсайт блогында айтылды. Министр Билдт Еуропа Одағына ену ұсынысы Сербия үшін тарихи әрі маңызды қадам деген.

Сенбі күні президент Борис Тадич пен премьер-министрі Мирко Цветкович Сербияның Еуропа Одағына мүше болуын сұраған ресми өтінішке қол қойған.

Бұл қадамдар Сербияның қатысуымен болған 1999 жылғы Балқан соғысы аяқталған онжылдықта болып отыр.

Сербияның соғыс қылмыстары жөніндегі БҰҰ-ның сотымен ынтымақтастықта болмағанына байланысты одаққа өту өтініші бірнеше жыл кейінге қалып келген.

Сондай-ақ Сербия әлі де геноцид айыптары бойынша іздеуде жүрген босниялық серб Ратко Младичті тұтқындауға атсалысуы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG