Accessibility links

Қақаған аяздан онмыңдаған еуропалық жол жүре алмай қалды


Еуропаның онмыңдаған саяхатшысы қалың қар мен қатты аяздан пойыздары тоқтап, жолдағы тайғанақ мұздан әуежайларға жете алмай қалуда.

Бұл еуропалықтарға Рождество мерекесі немесе Иса пайғамбардың туған күні қарсаңында қиындық тудырып отыр. Қатты суықтан 19 адам қаза тапса, оның көбісі Польшада үсіп қалған.

Германияның кейбір аймағында ауа-райы -33 көрсеткішке дейін төмендеді. Британия мен Франция арасындағы теміржол қозғалысы екі ел арасындағы жер асты жолындағы апаттарға байланысты тоқтады.

Төрт бірдей “Еуростар” пойызының туннелде бұзылуы 50 мың адамның жол жүруіне кері салдарын тигізді.

Ауа-райын болжаушылар Еуропада тағы көбірек қар жауып, алдағы бірнеше күн аяз болады деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG