Accessibility links

Қостанайда полиция қызметкері өртеніп жатқан үйдегі қартты құтқарды


Қостанай облыстық ішкі істер депарматентінің қызметкері Нұрлан Қарауылов өртеніп жатқан үйдің ішіндегі 83 жастағы қарт кісіні құтқарып қалды.

Төтенше жағдай 19 желтоқсан күні кешке тіркелген. Өртеніп жатқан үйдің ішінен «құтқарыңдар» деген дауысты естіген Қарауылов, «жедел жәрдем» мен құтқару тобын шақырып, тілсіз жау шарпыған үйге жалғыз кірген.

Полиция қызметкерінің ерлігінің арқасында аман қалған зейнеткер қазір ауруханада жатыр.
XS
SM
MD
LG