Accessibility links

Қазақстандық қорлар Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштеріне қаржы жинауын тоқтатты


«Болатхан Тайжан Қоры» және «Алтынбек Сәрсенбайұлы Қоры» қазақ хандары - Керей мен Жәнібектің ескерткіштерін жөндеу үшін қаржы жинауды дорғарғандығын жариялады.

"Болатхан Тайжан Қорының" президенті Мұхтар Тайжанның айтуынша, мемлекеттік органдардың бұл әрекеттерге рұқсаты әлі шықпады, соған байланысты қаржы жинау жұмыстары аяқталды деп жарияланды.

2009 жылы 11 қарашада қорлардың басшылары ескерткіштерді қайта жөндеу және орнату жұмыстарына қаражат жинау басталғандығын жариялаған еді.

Бұған дейін Астанадағы «Қазақ елі» монументіне қойылады деп дайындалған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері қазіргі күні ашық далада жатқандығы бірқатар қоғамдық ұйымдардың наразылығын туғызған болатын.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG