Accessibility links

Алматы ауруханасында жатқан қырғыз журналисі әлі есін жиған жоқ


Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қырғызстандық белгілі журналист Геннадий Павлюктің ес-түссіз жатқанына бүгін бесінші күн болды.

Павлюк жатқан палатаны полицияның екі қызметкері күзетіп тұр, журналистің туған-туыстары да ауруханада отыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екендігін айтады.

Хабарларға қарағанда, Павлюк қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG