Accessibility links

Иранда аятолла Монтазериді жерлеу рәсімі өтіп жатыр


Мыңдаған ирандық аятолла Хоссейн Әли Монтазериді соңғы сапарға шығарып салу үшін Құм қаласына жиналды.

Бұған дейін оппозиция басшылары өзінің жақтастарын аятолла Монтазериді жерлеу рәсіміне қатысуға шақырған еді.

Монтезари 87 жасында қайтыс болды. Ол Иранның қазіргі билігін диктатура орнатты деп айыптады. Биыл маусым айында президент сайлауы кезіндегі наразылық көтерілістері барысында Монтезари биліктің оппозицияға қатысты әрекеттерін сынға алды.

Монтезари ислам республикасының негізін қалаушы аятолла Рухолла Хомейнидің орнын басушылардың бірі ретінде қарастырылды, бірақ ол 1989 жылы Хомейни өлерден сәл бұрын көсеммен келіспей қалған-ды. Ал Иранның рухани көсемі болып аятолла Әли Хаменеи танылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG