Accessibility links

Монтазериді соңғы сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналды


Хабарларға қарағанда, ирандық диссидент аятолла Хоссейн Әли Монтазериді соңғы сапарға шығарып салуға келгендер жерлеу рәсімі барысында Иран билігіне қарсы ұрандарды айқайлап айтып тұрған.

1979 жылғы Иран ислам төңкерісінің негізгі тұлғаларының бірі болған Монтазери қазіргі биліктің қатал сыншысына айналған еді.

87 жасында қайтыс болған Монтазери Иранның бүгінгі билігін диктатура орнатты деп айыптаған болатын.

Жерлеу рәсіміне қатысушылардың бірі Фарда радиосына марқұммен қоштасып қалғысы келгендердің таңғы сағат 7-ден оның үйінің жанына жиналғанын айтқан.

Реформашыл Kaleme сайтының хабарлауынша, оппозиция жетекшілері Мирхосейн Мусави мен Меһди Каруби қасиетті Құм қаласындағы жерлеу рәсіміне қатысқан.

Кейбір оппозициялық сайттар қақтығыстар болды деген ақпараттар таратты.

Бұл хабарларды тәуелсіз бұлақтардан растау мүмкін болмады, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына Құм қаласына баруға тыйым салынған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG