Accessibility links

Таиландта ұсталған ұшақ Иранға қару апара жатқан


"Уолл Стрит Жорнал" газетінің мәліметтеріне қарағанда, АҚШ пен Бельгияның заңсыз қару-жарақ саудасы жағдайларын тергеп-тексерумен айналысатын сарапшылары өткен аптада Банкгогта ұсталған Ил-76 ұшағын қарауға мұрсат алған. Бұл жөнінде "Интерфакс" агенттігі хабарлап отыр.

Басылым: "Бангкокте аялдағаннан кейін ұшақ жанар-жағар май құйып алу үшін Шри-Ланка мен БАӘ-нің, Украинаның территориясына қонып, ең соңында жүгін Теһранға жеткізуі тиіс болған. Иран өкілдері осы ақпаратқа түсініктеме беру өтінішіне еш жауап қайтармаған,"-деп жазады.

"Ұшақтың ұшу жоспарына қарағанда Ил-76 Пхеньянға бара жатқан жолда Әзірбайжанның әскери әуе базасына аялдаған, бірақ неге тоқтаған себебі белгісіз" деп жазады "Уолл Стрит Жорнал" газеті.

Аталған мәліметтерді Чикагодағы "ТрансАрмс" ұйымы мен Бельгияның "Әлемдік мәселелердің халықаралық ақпарат қызметі" ұйымының сарапшылары анықтаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG