Accessibility links

Мысыр мен Ирақ басшылары тығыз байланыстар қарастыруда


Қайырдағы кездесуде Мысыр президенті Хосни Мүбарак пен Ирақ премьер-министрі Нұри әл-Малики экономикалық қарым-қатынастарға қалай қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Мүбарак Қайырдың қолдауын әл-Маликиге білдіргенін айта келе, Мысыр қашан да аймақтағы тепе-теңдікті сақтауда шешуші күш болады деп атап көрсетті дейді Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари.

Зебари әл-Маликидің жексенбіде басталған сапары Мысырдың Ирақтағы экономикалық рөлін күшейте түседі деп білетіндігін айтты.

Әл-Малики араб елдерін ондаған жылдарға жалғасқан соғыс пен санкциялардан шаршаған Ирақтың қайта құру ісіне қолдау танытуға тағы да шақырды.
XS
SM
MD
LG