Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан терроризмге қарсы күрес жобаларының кепілгері болғысы келеді


Қазақстан, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету барысында, терроризм мен есірткі саудасына қарсы күрес туралы халықаралық жобалардың кепілгері болғысы келеді деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл туралы ол сейсенбі күні Астанада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпуспен кездесуі барысында хабарлады.

Сонымен бірге Назарбаев Қазақстанды ЕҚЫҰ-на төраға ретінде сайлауын еуропалық, әлемдік қауымдастық тарапынан республикаға сенімінің дәлелі және аймақтағы стратегиялық маңызды рөлін мойындауы деп түсінетіндігін атап көрсетті.

Қазақстан 2010 жылы 1 қаңтардан бастап ЕҚЫҰ-на төрағалық ете бастайды.
XS
SM
MD
LG