Accessibility links

Қырғызстан электр станциясын салу үшін қолдан жарылыс жасады


Қырғызстан Қамбар ата- 2 деп аталатын жаңа гидроэлектр станциясын салатын алаң аумағын әзірлеу үшін 2,5 тонна жарылғыш затпен қопарылыс жасады.

Жарылыс Нарын өзенінің бойында болашақ станция тұрғызылатын оңтүстіктегі таулы Жалал-абад аймағында жасалды.


Президент Құрманбек Бәкиев жаңа станция іске қосылғанда Қырғызстан сағатына 1 миллион киловатт электр қуатын өндіретін болады деді.

Бәкиев сондай-ақ жаңа электр станциясының салынуы көрші елдерді сумен қамтамасыз етуге әсер етпейтін болады деп тағы қайталады. Бұдан бұрын Қырғызстан мен Тәжікстанда жаңа станциялардың салынуы Орта Азияның басқа елдерінің ауыл шаруашылығына кері әсер етеді деп Өзбекстан алаңдаушылық танытқан еді.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG