Accessibility links

Қазақстан, Беларус пен Ресейдің ынтымақтасуға мүмкіндігі мол


Қазақстан, Ресей және Беларустың бірігуі үшін Еуропа елдерінің ЕурОдақты құруға кеткенінен де аз уақыт қажет болады деген ойды бүгін дипломатиялық корпуспен кездесу барысында президент Назарбаев айтты.

Ол ТМД-ың үш мемлекеті ДСҰ-на кіру жолындағы жұмысты өзара келісе отырып атқаруға уағдаласты және мұның өзі Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға негіз болады деп атап көрсетті.


Мұнымен қатар Қазақстан президенті қазіргі уақытта біздің Еуразиялық одақ құру бастамамыз шындыққа айналып келе жатыр, бұл Бірыңғай экономикалық кеңістіктен кейінгі келесі кезең болады дегенді айтты.


«ЕурОдақ бұған 57 жыл жұмсады, бізде оны қысқа ғана мерзімде жүзеге асыру мүмкіндігі бар»,- деп атап өтті Назарбаев.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG