Accessibility links

Жолбарысты өлтіргені үшін 12 жыл түрме жазасы


Қытай сирек кездесетін жолбарыс аңын өлтірген Каң Уаннян деген азаматын 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сот сондай-ақ айыпкер 90 мың доллар айыппұл төлесін деген де шешім шығарды.

Каң Уаннян Қытайдың оңтүстік-батысында қауіпті көрінген Индонезия жолбарысын атып өлтірген кезде қараңғы болғандықтан байқамай қалғанын айтады.

Жер шарының әр түкпірінде жалпы саны 1,300-1,800-дей ғана болатын Индонезия жолбарысы мекен етеді екен.

XS
SM
MD
LG