Accessibility links

"Союз" кемесі Халықаралық ғарыш бекетімен түйісті


"Союз ТМА-17" ғарыш кемесі бүгін түнде Халықаралық ғарыш бекетімен түйісті.

Ұшуды басқару орталығының хабарлауынша, кеме бекетке экспедицияның үш мүшесін жеткізді: ресейлік Олег Котов, американдық Тимоти Кример және жапон Соити Ногути. Бекетте ресейлік Максим Сураев пен американдық Джеффри Уильямс бар.

Халықаралық экипаж ХҒБ жетілдіру бойынша үлкен көлемді жұмыстарды атқарады, бірқатар ғылыми тәжірибелер жүргізеді және ашық ғарышқа шығады.
XS
SM
MD
LG