Accessibility links

Мұхтар Жәкішев ісіне қатысты сот процесі жалғасады


Сәрсенбі күні Астананың №2 Сарыарқа аудандық сотында «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдаулары жалғасады.

Сейсенбі күнгі алғашқы отырыста адвокат Нұрлан Бейсекеев бұл істің Астанадағы аудандық сотта қаралуына күмән білдірді. Алайда сот төрағасы Нұржан Жолдасбеков бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Бейсекеев аудандық соттың бұл жауабына Астана қалалық сотына шағым түсіретіндігін хабарлады.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG