Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысында бозбала құтыру кеселінен қайтыс болды


Оңтүстік Қазақстан облысының он бес жасар тұрғыны құтыру кеселінен қайтыс болды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Облыстың Отырар ауданындағы Ынталы ауылының тұрғыны 15 желтоқсан күні аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ертесіне науқасқа «құтырған» деген диагноз қойылды. Науқас 22 желтоқсанда көз жұмды.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда жұқпалы кесел тіркелген аймаққа медициналық бақылау орнатылды.
XS
SM
MD
LG