Accessibility links

Өзбекстанда адам құқығын қорғаушыларды қудалау күшейді


«Өзбекстанда, парламент сайлауы қарсаңында, елдегі адам құқығын қорғаушыларға қысым күшейіп барады» деп хабарлады Freedom House. Сайлау 27 желтоқсанда өтеді.

Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымның хабарлауынша, республика билігі азаматтық қоғамға қатысты қудалауларды болдырмау мақсатында ешқандай шара қолданбай отыр.

Бұған дейін осыған мазмұндас мәлімдемені тағы бір адам құқығын қорғаушы халықаралық ұйым - Human Rights Watch таратқан болатын.

Батыс елдері Өзбекстанмен қарым-қатынасын 2005 жылы Әндіжан қаласында үкіметке қарсы толқулар күштеп басылғаннан кейін үзген болатын. Республика билігінің АҚШ жүктерін Ауғанстандағы операциялар үшін жеткізуге келіскеннен кейін ғана Орталық Азиядағы бұл мемлекетпен қарым-қатынас қайта жалғасты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG