Accessibility links

Балқаш көлінде балықшылар жоғалып кетті


Балқашта сейсенбі күні жоғалып кеткен балықшыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдай туралы ақпарат сейсенбі күні түстен кейін хабарланды. Бес шаруа Саяқ қыстағынан 35 шақырым жердегі көлде балық аулау кезінде суға кеткен.

Сондай-ақ, сейсенбі күні кешкісін Ақжайдақ ауылының бір топ тұрғыны көлдің мұз қатқан бетінде балық аулап жатқан кезде тоң жарылып, ағыс балықшыларды сеңмен бірге көлдің келесі жағалауына қарай алып кеткендігіі туралы хабарланды. Олар 10 сағат көлемінде мұзбен қалқып жүріп, сең түннің бір уағында жағалауға соғылғанда ғана үйлеріне қайтқан.

Қалған балықшылар іздестіріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG