Accessibility links

АҚШ сенаторы НАТО Грузияны қаруландыруы керек деді


АҚШ-тың республикалық партиясының өкілі Обама әкімшілігі мен еуропалық одақтастарды Грузияны қайта қаруландыру мәселесін қарауға шақырды.

Сенатор Ричард Лугардың айтуынша, 2008 жылдың тамызындағы бес күнге созылған әскери қақтығыста Грузия қорғаныстары талқандалып, елді келешек шабуылдарға әлсіз етіп тастады.

Атап айтқанда, Грузияның радар мен әуе қорғанысының талқандалуы Тбилисиді өз аймағындағы әуе кеңістігін бақылай алмайтындай етті делінген ол хабарда.

АҚШ сенаторы өз мәлімдемесінде Обама әкімшілігі НАТО ішінде Грузияның қауіпсіздік күштеріне қажетілік пен НАТО-ның Ресеймен қарым-қатынасындағы стратегиясын үйлестіруі керек деп отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG