Accessibility links

Иранда Монтазериді еске алу шарасы өтті


Бүгін Иранда жексенбі күні қайтыс болған дисидент діндар Аятолла Хоссейн Али Монтазериді еске алу шарасы өтті.

Исфаханда өткен бұл шараны реформашыл діндар Аятолла Жалаледин Тахери бастап өткізді.

Осыдан екі күн бұрын Қом қаласында өткен Монтазериді жерлеу рәсімі кезінде үкіметке қарсы үлкен шерулер болды.

Оппозициялық вебсайттың жазуынша, Иран полициясы мен қауіпсіздік күштері сәрсенбі күні қазаға жиналғандармен қақтығысқан.

1979 жылғы Иран төңкерісінің негізін қалаған Монтазери кейін билікті ашық сынағаны үшін үйқамаққа алынған диссидентке айналды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG