Accessibility links

ЕО Сербияға қолдау ретінде 50 млн еуро бөлді


Еуропа Одағы Сербияға қаржылай қолдау танытты. Белград бойынша Еуропа Одақ делегациясының айтуынша, Сербия бюджетіне алғашқы қаржылай қолдау 50 млн еуро көлемінде бөлінді.

Ол сондай-ақ 2010 жылы Сербия тағы 50 млн еуро қабылдайтын болады деген. Еуропа Одағы Белградқа 200 млн еуро несие беруге келіскен.

Бұл қаржылай көмек Сербия Еуропа Одағына мүшелікке енуге өтініш берген тұста болды. ЕуроОдақ төрағалығындағы Швеция бұл қадамды Балқан елі үшін жаңа тарихи қадам деген.
XS
SM
MD
LG