Accessibility links

Әзірбайжанда қалалық сайлаулар өтуде


Бүгін әзірбайжандықтар президент Илхам Алиевтің билікте қалуын күшейтетін қалалық сайлауларға қатысуда.

Алиевтің “Иени Әзірбайжан” партиясының 17 мың мүшесі бұл дауыс беруге түсуде. Және елдегі басқа партиялардың 2,500 үміткері де бақ сынасуда. Сондай-ақ 11 мың кандидат үміткер ретінде тіркелген.

Оппозициялық жетекшілері билікті заңбұзушылықтарға барды деп айыптап отыр. Олардың айтуынша, президент партиясын қолдауға мемлекеттік ақпарат құралдары пайдаланылып, оппозицияны қолдаушылар қудаланып, тәуелсіз ақпарат өкілдері бақылауда отыр.

Наурыз айында Әзірбайжан президенттік екі мерзімге шектеуді алып тастауға дауыс берген. Адам құқын қорғаушы топтар бұл қадамды Алиев билігін ұзарту қадамы деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG