Accessibility links

ЕҚЫҰ Қырғызстанды журналистерді қудаламауға шақырды


ЕҚЫҰ-ның ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі кеңсесі қырғыз билігін БАҚ-ын қорқытып-үркітуді тоқтатуға шақырды. Бұл мәлімдеме Қырғызстандағы журналистерге қарсы таяудағы шабуылдарға оның ішінде Қазақстанда қаза тапқан журналист Геннадий Павлюктің өлімінен кейін тарап отыр.

Қырғызстанның сыртқы істер министрі Кадырбек Сарбаевтың атына жолданған хатта Миклош Харасти “соңғы айларда журналистерге қарсы шабуыл көбейіп кетті, Қырғызстан үкіметі оны мойындап, оған әдеттегі қылмыс ретінде қарауын тоқтатуы керек” деген.

Сейсенбі күні Алматыдағы ауруханада ес-түссіз жатқан қырғызстандық журналист көз жұмды. Қазақстан полициясы оны біреулер 6-шы қабаттан аяқ-қолын байлап лақтырған деді.
XS
SM
MD
LG