Accessibility links

Ирақ шіркеуіндегі жарылыстан бір адам қаза тапты


Ирақ полициясының хабарлауынша, Мосул қаласындағы тарихи шіркеуге шабуыл жасалып, бір адам қаза болды, бес кісі жараланды.

Сант-Томас шіркеуіне болған жарылыс Иса пайғамбардың туған күні Рождество мерекесіне бір күн қалғанда болып отыр.

Өткен аптада шіркеу мектебіне қарсы шабуыл болып, одан бір кішкентай қыз қаза тауып, 40 адам жарақат алған.

Ирақтың қорғаныс ресмилері осы аптаның басында елдегі Рождество мейрамы кезінде христиан дініндегі азшылық топтар мен шіркеулерге қарсы шабуылдар болуы мүмкін екендігін айтқан.

2003 жылғы АҚШ бастаған күштердің басқыншылығынан бері Ирақтың жүздеген христианы өлтірілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG