Accessibility links

Мәжіліс депутаттары оқу орындарында хиджаб киюге рұқсат етуді ұсынды


Парламент мәжілісінің бір топ депутаты Қазақстанның жалпы білім беру мекемелерінде діни киімдер атап айтқанда, орамал тағып, хиджаб киюге рұқсат беруді алға тартты.

Бұл тұрғыда депутаттық сауал білім министрі Жансейіт Түймебайға жолданды деп Интерфакс агенттігі хабарлап отыр.

Мұсылман әйелдер киетін көйлекті киюге білім министрі қызметін атқарған Жақыпов кезінде тыйым салынған деген депутат Розақұл Қалмұрадов, елдегі жоғарғы оқу орындарында діни еркіндікке шек қойылып отыр деген.

2010 жылы ЕҚЫҰ-на, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ететін Қазақстан мұндай мәселеге абайлап қарау керек деді депутат Қалмұрадов сәрсенбі күнгі жалпы отырыстарында.

Осыған дейін министр Түймебаевтың өзі қазақстандық мектептерде хиджаб киюге тыйым салынған деп мәлімдеген. Оның айтуынша, мектептерде бірыңғай оқу формасы болуы керек.
XS
SM
MD
LG