Accessibility links

Румыния парламенті жаңа үкімет құрамын мақұлдады


Бүгін Румыния парламенті елдің жаңа үкіметін мақұлдады. Онда осыдан екі ай бұрын депутаттардың сенімсіздік танытуына байланысты орнынан кеткен премьер-министр Эмиль Бок қайтадан үкімет басшысы қызметіне оралды.

Бокты премьер-министрлікке өткен аптада президент Траян Бэсеску қайта тағайындаған болатын.

Бок жескенбі күні 15 министрден тұратын үкімет құрамын жасақтап, оны бүгін парламенттің мақұлдауына ұсынған. Олардың көбісі одақтас үкіметте болған бұрынғы министрлер.

Үкімет басшысы Эмиль Бок 2010 жылы Халықаралық қаржы қоры ұсынатын 1,5 млд еуро қаржыны игеру шараларын қолға алуы керек болады.
XS
SM
MD
LG