Accessibility links

Назарбаев: шетелге жер ешқашан сатылмайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев прокуратурадан шетелге жер сатылады делінетін жалған ақпаратты таратушыларды жазалауын талап етті. Бұл туралы ол сәрсенбі күні мемлекеттік БАҚ-ның басшыларына берген сұхбатында мәлімдеді.

Назарбаев Қазақстан заңдары жерді тек республикаға азаматтарына ғана сатуды қарастыратындығын еске сала отырып, ел арасында таралған шетелдіктерге жер сатылады делінетін әңгіменің бәрі өтірік деп мәлімдеді. Сонымен бірге, президент бұған дейін бір мәрте жерді шетелге, мысалы қытайлықтарға ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға бере алатындығы туралы айтқандығын еске түсірді.

Президент, 4 желтоқсанда шетел инвесторлары кеңесінің отырысы барысында, Қытай Қазақстаннан егіс егуге 1 млн га сұрағандығын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG