Accessibility links

АҚШ: Иран «полициялық мемлекет секілді» әрекет етеді


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филип Кроули Иран билігі «өзінің қауіпсіздік күштерінің барлығын» оппозицялық шерулерді басып-жаншуға пайдаланады деп мәлімдеді.

Вашингтонның бұл сыны иран оппозициясының полициямен қақтығысынан кейін айтылып отыр. Исфахан қаласында сәрсенбі күні кем дегенде 20 кісі ұсталды. Олар діни қайраткер аятолла Монтазеридің қайтыс болуына орай еске алу акциясын өткізуге әрекет еткен болатын.

Бұған дейін Құм қаласында Монтазериді жерлеу рәсімінің соңы қақтығыстарға ұласқан еді.
XS
SM
MD
LG