Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды


Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты екі күн қатарынан электр қуаты өшірілді, қазіргі таңда аймақта 3 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Сонымен бірге, облыстағы автокөлік жолдарында қалың қардың астында қалған жолаушыларды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақта жүздеген көлік жол бойында тұрып қалғандығы және аяздан бір жүргізуші қайтыс болғандығы хабарланды.
XS
SM
MD
LG